Жаңалықтар тізбегі
0

Жан Ахмадиев: Әйелің пәк болмаса, үйіне апарып тастау керек

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2018 18:26 Stan.kz
Оның ойынша, пәк болмаған қалыңдықты үйіне қайтару дұрыс әрекет.

Заманауи жырау, рэпер Жан Ахмадиев пәк емес қыздар жайлы ойын айтты. Жан Ахмадиев қыздардың бірінші кезекте пәк болғаны маңызды деген ойын айтып, елдің талқысына түсті, деп жазады Stan.kz.

“Соңғы кезде Қызылорда облысында күйеу жігіті пәк емес болған қалыңдығын үйіне апарып тастапты деген әңгіме желіде тарады. Пікір жазушы қыздар бұған қарсылық танытуда. Пәктіктің маңызды емес екенін айтып жатыр. Ол жай ғана перде дейді. Бірақ сол перденің өз ары мен ата-анасының, бауырларының намысы екенін біле ме екен? Пәктікті талап ететін қазақтың тәрбиесі ұнамайтынын айтады. Ұнамаса қазақтың қолынан шай ішпесін, қазақ салған үйде тұрмасын. Қазақтың жерінде тұрмасын”, – деп ашынды Жан Ахмадиев.

“Кез келген еркек қыздың бетіне арын салық қылады. “Маған қыз болмай тигенсің” дегенді міндетті түрде айтады. Ал, жігіттерге айтарым, саған дейін басқа біреумен жақындасқан әйел ертең сенің де көзіңе шөп салады. Ұрпағың таза болу үшін, әйелің таза болу керек. Қыз емес қыздарды әйелдікке алмаңдар”, – дейді ол.

Ахмадиевтың бұл ойына да қарсы пікір жазушылар табылды. Оны қостағандар да бар.

“Қазір ешкім пәктікке қарап жатпайды. Қызды бұзатын еркектердің өзі. Жігіттер дұрыс болса, қыздар да таза болар еді”, “Әркімде түрліше тағдыр болады, біржақты қарамаңдар”, “Қыздың пәк болғаны жақсы, қазіргі көп қыздар ерте жасынан арына кір келтіріп үлгереді”, – дейді желі қолданушылары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: