Ұлын іздемейді: Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуі жайлы айтып, жылап қалды

Stan.kz Stan.kz
Әнші күйеуі Арыстанмен әлдеқашан ажырасып кеткенін айтты.

1,5 жыл бойы жеке өмірін жұрттан жасыруға тырысқан Мөлдір Әуелбекова жақында құпияның бетін ашқан еді. Әнші күйеуі Арыстанмен әлдеқашан ажырасып кеткенін айтты. Мұны естіген жанкүйерлері әнші үшін алаңдаушылық білдірді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат берген Әуелбекова бұрынғы жарының ұлы Салтайды іздемейтінін айтып, жылап қалды.

“Осымен тақырыпты рұқсат болса жабайық. Аллаға сансыз шүкір бүгінімде бақыттымын! Тәп-тәтті ұл өсіріп отырмын, ата-анам, бауырларым жанымда! Ең маңыздысы, осындай сынаққа тап болған сәттерімде, әрдайым сағымның сынбауына себепкер болатын мені қолдаушы да, қорғаушы да Сіздер барсыздар! Көзімнің жасын сүртетін жақындарым мен халқымның арқасында мен бекеммін” – деп жазды Әуелбекова желідегі парақшасында.

Желі оқырмандары болса Мөлдірге басу айтып, сабырға шақырды.

“Ең бастысы, ұлың аман-сау. Ең үлкен бақыт сол”, “Көз жасыңды сүрткен ұлың аман болсын”, “Тек алға осындай керемет ұлыңыз барда сіз үлкен құрметті ана және біз үшін сүікті аншіміз болып қала бересіз тек мойымай жаныңызда осындай періштедей балаңыз барда сіз бақытты анасыз тек алға мен сізді жақсы көрем”, – деп қолдау білдірді олар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз