Жамбыл облыстағы еріктілер қозғалыстарының жұмысы жүйеленеді

zhambylnews.kz zhambylnews.kz
Басқарма басшысы еріктілермен жасалынатын қайырымдылық шараларын Тараз қаласынан бастау туралы ұсынысын білдірді.

Облыстағы еріктілер қозғалыстарының жұмысы жүйеленеді. Әсіресе оларды қайырымдылық шараларына тарту басты назарда. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылып, нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды "ZhambylNews" Ақпараттық Агенттігі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-12/1544441159_22.jpg

Жиында өңірдегі еріктілер қозғалыстарының, олардағы жастардың саны туралы айтылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен баяндама жасады.

Қазіргі таңда Тараз қаласындағы 4 волонтерлік қозғалысқа барлығы 417 жас тартылған. Атап айтсақ, "Жібек жолы жастары" волонтерлік қозғалысында – 157 адам, "Тараз қайырымды жандар" волонтерлар қозғалысында – 60, "Біз біргеміз" волонтерлар қозғалысында – 80, "Темірқазық" волонтерлар қозғалысында – 120 адам өз еркімен жұмыс жасауда.

Басқарма басшысы еріктілермен жасалынатын қайырымдылық шараларын Тараз қаласынан бастау туралы ұсынысын білдірді. Ол үшін "Тайқазан" қайырылымдылық қор құрып, қайырымдылық дүкендерін ашу жоспарлануда. Мәліметтерге сүйенсек, бүгінде облыс орталығында 960 әлеуметтік аз қамтылған, 564 толық емес отбасы, 86 көпбалалы отбасылар бар. Сондай-ақ, шаһарда 352 жалғызбасты қарттар, 5991 бірінші және екінші топтағы мүгедектер тұрады.

Асқар Исабекұлы жаңадан қайырымдылық қор құрудын қажетсіздігін айтып, өңірдегі жұмыс жасап отырған қорларды игі шараға жұмылдыру керектігін жеткізді. Ол үшін барлық қоғамдық бірлестіктер мен еріктілер қозғалыстарының жұмыстарын бір арнаға тоғыстырып, жүйелеуді тапсырды. Өңір басшысы Тараз қаласындағы көмекке мұқтаж жандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екендігін баса айтты. Олардың бәрін тиісінше назардан тыс қалдырмау керектігін тілге тиек етті. Оған кәсіпкерлер мен жомарт жандарды кеңінен тарту көзделуде. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыс жүйеленіп, арнайы ереже-жоспар бекітіледі. Қажетті қаражат көзі де тиісінше қарастырылатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз