Жаңалықтар тізбегі
0

Ірі көлемде ұрлық жасаған тепловоз жүргізушілері сотталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2019 17:54 Pixabay
Келтірілген шығынның көлемі 1 939 876 тенгені құрайды.

Көліктегі полиция департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ірі көлемде ұрлық жасаған Алматы облысының екі тұрғыны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқықбұзушылар теміржол ұйымдарының жұмысшылары, яғни, 46 жастағы тепловоз жүргізушісі мен оның көмекшісі болып шықты.

- Көлік полицейлері ұсталғандардың Бескөл станциясында жүк вагонынан 93 орам арнайы киімге арналған түкті матаны ұрлағандықтарын анықтады. Келтірілген шығынның көлемі 1 939 876 тенгені құрайды. Жүргізілген тергеу жұмысы барысында олардың кінәсі толық дәлелденді. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ұсталғандардың өздері басқарған тепловоздан дизель жанармайын ұрлауға қатыстылығы бар жөнінде үш дерек анықталды, - деді ведомство өкілдері.

Алматы облысы Алакөл аудандық сотының үкімімен аталған азаматтар қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: