Шымкенттегі "елес үй" жанып кетті

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2019 18:21 otyrar.kz
Өрттің неден тұтанғаны және келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде.

Шымкенттегі Дулати және Мәделі қожа көшесіндегі екі қабатты үй жанып кетті. Бұл туралы Zakon.kz otyrar.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 101 қызметіне қоңырау сағат 17:14-те түскен. Өртке қарсы қызметкерлері арада екі минут уақыт өткенде оқиға орнынан табылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 24 қызметкер мен 5 арнайы көлік атсалысты. 17: 44 — те өрт толық өшірілді. Түгел жанып кеткен шатыр аумағы 286 шаршы метрді құрап отыр. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің неден тұтанғаны және келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде. Өртке қарсы қызметкерлердің жылдам қимылдауының арқасында үйдің қасындағы өзге баспаналарға өрт өтпеді.

Екі қабатты әсем үйдің бос тұрғанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Терезе әйнектерінің бәрін сындырып кеткен. Көршілердің айтуынша аталған үй егелері үйді салып бітірген соң мұнда мүлдем тұрмаған. Бұл көптеген "аңыздардың" тарауына себеп болды. "Бұл үйде елес бар" деген "аңыз" да солардың бірі. Өрттің неден шыққаны белгісіз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: