Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алакөлден шыққан шу: судың кейбір көрсеткіштері өте жоғары болып шықты

3-4 тамызда алынған талдау нәтижелері бойынша су сынамаларында хлоридтер 3,8 есе, магний 3,3 есе, минералдар 3,2 есе және фторидтер 3,6 есе жоғары көрсеткіш көрсеткен.

Сурет : Ашық дереккөздерден алынды6 Тамыз 2019, 09:46

2019 жылдың 1 тамызында мамандар "Көктем Гранд" қонақүйі бассейнінің құбырынан Алакөлге құйылған күмәнді суды тексеріп, қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерлері 1 тамызда Алакөлге барып, көлдің 5 жерінен жоспардан тыс судың сынамаларын алып, зертханаға өткізді. Атап айтқанда, бұл:

1) күмәнді суды көлге айдаған құбырдан 5 метр аумақтан;

2) демалыс орны маңынан, яғни құбыр орналасқан жағажайдан;

3) күмәнді суды көлге айдаған құбырға қарама-қарсы 20 метр аумақтан;

4) күмәнді суды көлге айдаған құбырдан оңға қарай 500 метр аумақтан;

5) күмәнді суды көлге айдаған құбырдан солға қарай 500 метр аумақтан;

Зертханалық талдау судың 45 физика-химиялық көрсеткіштері бойынша жүргізілді, оның ішінде негізгі иондар, қоректік заттар, органикалық заттар және ауыр металдар да қамтылды. Айтка кетсек, зертхана қорытындысын дереу шығару үшін филиал демалыс күндері де жұмыс істеген. Сонымен 3-4 тамызда алынған талдау нәтижелері бойынша су сынамаларында хлоридтер 3,8 есе, магний 3,3 есе, минералдар 3,2 есе және фторидтер 3,6 есе жоғары көрсеткіш көрсеткен.

Оқи отырыңыз: Алакөлге жаман су айдаған қонақүй мына дөкейдікі болып шықты


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер