Қазақстандық әйел Кипрде 12 жастағы ұлын өлтірді

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2019 22:32 pexels.com
Баласын өлтіргеннен кейін әйел өзіне қол салмақ болған, бірақ оның өмірін дәрігерлер құтқарып қалды.

Кипр астанасы Никосияда 40 жастағы Қазақстан азаматшасы өзінің 12 жастағы ұлын өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz Russian Wave-ке сілтеме жасап.

Басылым хабарлағандай, баласын өлтіргеннен кейін әйел өзіне қол салмақ болған, бірақ оның өмірін дәрігерлер құтқарып қалды.

52 жастағы күйеуі – Кипрдің ұлты грек азаматы және баланың өгей әкесі полицей болып жұмыс істейді екен. Үйіне келгенде ішінен құлыпталған есікті аша алмаған. Көмекке өрт сөндіру қызметін шақырды. Сосын үйіне терезе арқылы кірген ол қанға бөгіп жатқан әйелін тапты. 12 жастағы бала өлі күйі төсекте жатқан. Оны пышақпен тамағынан орған екен. Әйел ас үйдің пышағын пайдаланған.

Никосия орталық ауруханасында әйелге ота жасалып, ол үйіне жіберілді – дәрігерлер науқастың жағдайы тұрақты деп отыр. Әйелді психиатр қарады, оны Athalassa психиатриялық емдеу мекемесіне емделуге жіберді. Содан кейін ол қасақана кісі өлтіру айыбымен сот алдында жауап береді.

Полиция хабарлағандай, тергеу мәліметтері бойынша, бұл әйел науқас – бірақ нақты қандай кеселі бар екенін полиция қызметкері айтқан жоқ.

Редакция ҚР Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: