Мәнізоров ұстау кезінде жарақат алған болуы мүмкін

almaty.tv almaty.tv
Әлеуметтік желілерде сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулының суреті тарап жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәніоровтың шынымен де ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір уақытша тергеу абақтысында отыр, оған Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша айып тағылатыны мен қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны туралы мәселе қаралып жатыр.

Әлеуметтік желілерде сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулының мына суреті тарауда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-09/thumbs/1569571963_1569569796_whatsapp-image-2019-09-26-at.jpeg

Онда мынандай мәселелер қарауға ұсынылған:

- Б.Манзоровтың қандай дене жарақаттары бар;

- денеге келтірілген залалдың мерзімін анықтау;

- дене жарақаты қалай пайда болған;

- денеге келтірілген залалдың пайда болу механизмі қандай;

- Б.Мәнізоровтың денсаулығына келтірілген зиян деңгейі қандай?

Бұл сараптамаларды анықтау Сот экспертизасы институтының Алматы қаласындағы филиалына тапсырылған.

Бұл мәселеге қатысты редакция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ресми сауал жолдады.

Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған еді.

Оған дейін Мәнізоров 2008 жылдан бастап 2017 жылға дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз