Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атырауда "дәрігерлер өлтірді" деген сәбидің анасы: "Тұңғышым еді..."

Оның айтуынша, босану сәтінде ол есін біліп жатқан. Жас ана сәби туған сәтте оның даусын естімепті.

Сурет : Алматы ТВ9 Қазан 2019, 09:36

Атыраулық дәрігерлер сотқа тартылып отырған істегі марқұм нәрестенің анасы, 24 жастағы Нұржамал пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, босану сәтінде ол есін біліп жатқан. Жас ана сәби туған сәтте оның даусын естімепті.

"Ол - біздің тұңғышымыз еді. Біз биыл сәуірде шаңырақ құрғанбыз. Мен босанғаннан кейін дәрігерлер баланың шетінеп кеткенін айтты. Жолдасым тиісті органдарға шағым жазды. Басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Нұржамал.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Атырау облыстық перинеталдық орталығы дәрігерлер туылған нәрестені шетінеп кетті деп абайсызда тіркеліп қойғандықтан, шалажансар балаға медициналық көмек көрсетпей, оны өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Тексеру кезінде ол сәби тоңазытықыштан табылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, дәрігерлердің мұндай әрекетіне мәліметтер базасында сақталып қойған құжаттарды түзеу мүмкін еместігі себеп болуы мүмкін.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қаза болған нәрестенің отбасына көңіл айтқан. Ол тергеу жұмыстарының нәтижесін күтуге шақырған. Президент әкімшілігі құзырлы орындарға Атырау облысындағы нәрестелердің қаза болу жағдайларының күрт артуы мәселесін шешуді тапсырған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер