Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірген қазақстандық Ресейде ұсталды

Ол Ресей Федерациясының аумағында жалған құжатпен тұрып жатқан.

Сурет : Zakon.kz12 Қараша 2019, 11:14

Калининград облысында экономикалық қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан, мемлекетке 2 миллиард теңгеден астам шығын келтіріп, қашып кеткен Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 2016 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген оны 25 қазанда Калининград қаласында Ресейдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің ат салысуымен бірлесіп ұстады. Ол Ресей Федерациясының аумағында жалған құжатпен тұрып жатқан, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 242-бабы, 3-бөлігі, яғни "Салық төлеуден және (немесе) бюджеттен төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару", 262-бабы, 2-бөлігі – "Ұйымдасқан топты құру, басқару, қылмыстық ұйым құру және оны басқару" бойынша қозғалған іс кезінде тергеуден бой тасалаған.

Оның қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 2 миллиард теңгеден астам залал келтірілген.

9 қарашада Ресей әділет органдарының шешімімен ұсталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға жөнелтілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер