Жаңалықтар тізбегі
0

"Кош келдиниз!". Димашты қарсы алған АҚШ әуежайындағы жұрт осылай деп шулады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2019 17:53 видеодан алынды
Алдында Димаштың Нью-Йоркте 10 желтоқсанда өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлері барады деп хабарланған.

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте 10 желтоқсанда концерт беру үшін бүгін АҚШ-қа барды. Оны Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдан жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Димашты Нью-Йорк әуежайынан қарсы алу кезінде түсірілген видеолар Интернетте пайда бола бастады. Көбісін осы оқиғаға куә адамдар салған. Ал мына видеоны түсірген адам Димашты мүлде білмейді. Өзі солай деп айтады.

Видеода Димашты қарсы алған жанкүйерлер "Кош келдиниз!" Димаш-Димаш" деп тоқтамай айғайлайды.

- Сұмдық қой, мына адамдар сонда бұл жігіттің фанаттары ма? Жас жігіт шықты, бұл қарсы алып тұрғандар оның желісіне жазушылар ғой сонда. Бұл - мен куә болған, қатты кұрмет көрсетілген Ресейдің екінші жұлдызы. Юлияға мысықтарымызбен келген едік, ал мына арада жас жігіт дүркіретіп жатыр. Өз басым, оның әндерін тыңдап көрмеппін, көру керек екен, - дейді видеоны түсіріп тұрған орыс келіншек.

Айта кетсек, алдында Димаштың Нью-Йоркте 10 желтоқсанда өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлері барады деп хабарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: