Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Шәкіров бастаған бір топ сенатор Қазан қаласына барды

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2019 20:38 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Бүгінде Татарстанның жоғары оқу орындарында 1300-ден астам қазақстандық студенттер білім алуда.

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен бір топ сенаторлар Қазан Кремлінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге, сондай-ақ Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы Ильяс Умаханов, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин, сенаторлар Мұхтар Құл-Мұхаммед, Ольга Перепечина, Талғат Мұсабаев, Владимир Волков та қатысты.

Татарстан Президенті кездесуді аша отырып екі ел арасындағы ынтымақтастықты парламентаралық деңгейде дамыту өте маңызды екенін атап өтті.

Асқар Шәкіров өз кезегінде Қазақстан Ресей Федерациясының жетекші әрі экономикалық дамыған субъектілерінің бірі болып табылатын Татарстан Республикасымен ынтымақтастықты қарқынды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

"Біздің халықтарымызды тарихи және мәдени тамырластық байланыстырады. Бүгінде Қазақстанның Татарстанмен қарым-қатынасы барлық салада жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді", - деді төраға орынбасары.

Кездесу барысында тоқтап қалған Нұр-Сұлтан-Қазан тікелей әуе бағытын ашу, екі жақты тауар айналымын одан әрі дамыту, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Бүгінде Татарстанның жоғары оқу орындарында 1300-ден астам қазақстандық студенттер білім алуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: