Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегі қауіпті сағыз туралы хабарламаларға қатысты полиция мәлімдеме жасады

novoetv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2019 16:51 novoetv.kz
Басты мақсаты – үрей мен қорқыныш туғызу және атқарушы органдардың пайда болған проблемаларға дер кезінде жауап бере алмады деп жалған айыптап, ел алдында беделін түсіру.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілер пен Ват-сап арқылы тарап жатқан құрамында есірткісі бар сағыз бен кәмпиттер туралы хабарламалардың өтірік екенін айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде және WhatsApp арқылы елді дүрліктіретін хабарламалар тарауда. Көбіне онда бір адам ғана сөйлейді, аты-жөнін айтпайды, оның үстіне таратып отырған хабарламасының дәйек көзін атамайды. Жеткізіп отырған хабардың өзін нақты айтпайды. Болжамға сүйенеді. Мысалы, сондай дауыстық хабарламаның бірінде мектептерде құрамында есірткі заттары бар сағыз бен тәттілер толы пакет табылыпты дейді, деп хабарлайды облыстың ПД баспасөз қызметі.

Әртүрлі қып айтады. "Бір адамдар балаларға құрамында есірткісі бар сағыз бен кәмпит таратып жүр екен немесе мектептен осындай қауіпті пакет табылыпты, міне балаларға таратып жатыр, жемеңіздер деп балаларыңызға қоңырау шалыңыздар. Көп бала оны жеп үлгеріпті" деген сипатта болып келеді бұл хабарлама.

- Бұл хабарламалар әртүрлі болып келеді, бірақ жалпы алғанда олар белгілі бір әлеуметтік топқа (студенттердің ата-аналары мен оқу орындарының оқытушыларына) бағытталған, онда да басты мақсаты – үрей мен қорқыныш туғызу және атқарушы органдардың пайда болған проблемаларға дер кезінде жауап бере алмады деп жалған айыптап, ел алдында беделін түсіру. Мысалы, осы жылдың желтоқсан айында WhatsApp мессенджері арқылы Қарағанды ​​облысындағы мектептердің бірінде құрамында синтетикалық есірткі бар кәмпиттердің бір партиясы тәркіленгенді және 25 жасөспірім наркология орталығында жатыр деген мәтіндік хабарлама тарады, - дейді полициядағылар.

Полиция департаменті Қарағанды ​​облысының білім басқармасымен бірге тексеру жұмыстарын жүргізіп, барлық дауыстық, мәтіндік хабарламалардағы дәйектерге негіз таппады.

- Оқу орындарында құрамында есірткісі бар сағыз мен тәттілерді тарату фактілері анықталған жоқ. Сонымен қатар, 25 жасөспірімнің Қарағанды ​ облыстық наркологиялық клиникасына жатыр деген факті де расталмады. Осыған байланысты, полиция департаменті мұндай ақпарат тараған кезде негізсіз дүрбелеңге жол бермеу керектігін ескертеді, әрі мұндай күмәнді мәліметтерді таратпауға кеңес береді, - дейді полициядағылар.

Негізсіз ақпаратты тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушылық белгілері ретінде есепке алынып, оған жаза қарастырылатынын баса айта кетелік. Мұндай қылмыс түріне оның дәрежесіне қарай айыппұл салынады немесе бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: