Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Желіде "Ақтөбедегі мемлекеттік қызметкерлердің төбелесі" деген видео тарауда

Бірақ облыстық полиция департаменті бұл төбелестің мән-жайын анықтағанын, оның мемлекеттік қызметкерлерге еш қатысы жоқ екенін айтты.

Сурет : versiya.info30 Желтоқсан 2019, 12:14

Ақтөбе мейрамханаларының біріндегі төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарап, ол мемлекеттік қызметкерлердің корпоративінде болған-мыс делінеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеодан бірнеше ер адамның өзара сөзге келіп, бір-бірін балағаттап, төбелесіп жүргенін, оның мейрамханада болып жатқанын және шыршаны көруге болады. Төбелескендерді бірнеше ер адам мен әйелдер ажыратып алуға тырысады.

Бұл төбелеске қатысты zakon.kz тілшісі Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты. Олар мемлекеттік қызметкерлердің төбелеске қатысқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, бұл қалалық дүкендердің бірінде және жеке компанияда жұмыс істейтін адамдар арасында болған төбелес екенін айтты.

- WhatsApp мессенджерлерінде Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінің кіре берісінде болған төбелестің видеосы тарауда. Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл төбелестің биыл желтоқсанның 25-нен 26-сына қараған түні дүкеннің және жеке компаниялардың бірінің қызметкерлері арасында болғанын, оған мемлекеттік қызметкерлердің еш қатысы жоқтығын жеткізеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, "кінәлілер" ұсталды. Күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Ақтөбе тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, - деді облыстық филиалдың баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқи отырыңыз: Мынау, әкімнің орынбасары! Мейрамханада төбелескен шенеуніктер видеоға түсіп қалған

Алдында JEXEN NEWS Телеграмм-арнасында мейрамханада болған төбелестің видеосы жарияланып, бұл Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің корпоративі екені айтылған. Кейін облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл төбелесте Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімнің орынбасары болғанын растады, бірақ бұл әкімдіктің жаңа жылдық кеші емес екенін айтты.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, бұл оқиға "Мирас" сауда орталығында орналасқан "Белые розы" мейрамханасында болған.

- Бұл жаңа жылдық кеш емес. Онда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары сағат 00:30 шамасында келген, сол арада мейрамхананың басқа қонақтарымен арада сөзге келіп, өзара кикілжің туындаған. Әкім орынбасарынан түсініктеме хат алынды. Алда оған қатысты тәртіптік жаза қолданылады, - деді Ғалымұрат Жүкел.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер