Қайта-қайта құлдырап, әлемнің есін шығарған мұнай бағасы бас көтере бастады

Pixabay Pixabay
Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бір баррелінің бағасы 22,26 долларды құрады. Өткен тәулікте оның бағасы 17 доллардан да төмендеп кеткен еді.

Brent және WTI маркалы мұнай бағасы апта басындағы көрсеткішімен салыстырғанда ақырындап көтеріліп келеді. Мұны Лондон қор биржасының ICE сауда-саттық мәліметтері растайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан уақыты 11: 15-тегі жағдай бойынша, мұнай биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бір баррелінің бағасы 22,26 долларды құрады. WTI маркалы америкалық мұнайдың бағасы 15,30 доллар болды.

20 сәуірде тарихта алғаш рет WTI маркалы мұнайдың құны нөлден төменге кетіп, минус 40 долларға жеткен. Бұл қор биржасындағы сауда-саттықтың соңғы күні орын алды. Бұл жайт трейдерлердің мұнай ұсынысының артып, оны сақтайтын орын табылмай жатқандықтан, оны нарыққа көл көлемде жаппай сатуға шығаруға ұмтылуымен түсіндірілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз