Карантин жағдайында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін кәсіпкерлерге қайда хабарласу керек?

Баспасөз қызметі Баспасөз қызметі
Жұмыс тобының жұмыс орынға баруы және көруі үшін 1-қосымшаға сәйкес, келесі электрондық мекенжайына өтініш жолдауыңыз қажет.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласында азық-түліктік емес тауарларын Online-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметіне рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 28 сәуірінен бастап, аталған компаниялардың қызметіне аудиттен өткен жағдайда және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, "қызметке қойылған шектеулерді алып тастауға дайындық актісін" алған жағдайда рұқсат етілді.

Осыған байланысты, жұмыс тобының орынға баруы және көруі үшін 1-қосымшаға сәйкес, келесі электрондық мекенжайына өтініш жолдауыңыз қажет.

1. Азық-түліктік емес тауарларды Online-жеткізу (интернет-дүкендер, online-дүкендер) бойынша – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына хабарласу керек, [email protected], анықтама үшін телефондар: 8 775 882 52 00, 8 775 882 53 92;

2. ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметі жөнінде – нысанның орналасқан жері бойынша аудан әкімдіктеріне хабарласу керек:

- [email protected] – Алатау ауданы

- [email protected] – Алмалы ауданы

- [email protected] – Әуезов ауданы

- [email protected] – Бостандық ауданы

- [email protected] – Жетісу ауданы

- [email protected] – Медеу ауданы

- [email protected] – Наурызбай ауданы

- [email protected] – Түрксіб ауданы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз