Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істеуге рұқсат алды
Сурет: pixabay
2022 жылы 22 мыңнан астам ресейліктер Қазақстанда жұмыс істеуге ресми рұқсат алды. Бұл туралы 27 желтоқсанда Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Еңбек министрлігінің басшысы министрлік Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың есебін тұрақты түрде жүргізетінін атап өтті.
"Биыл Қазақстанда 14 мың шетелдік маманға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Олар жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналарын төлейді. Ал Ресей азаматтарына келетін болсақ, 22 мыңнан сәл астам адам міндетті зейнетақы жарнасын аударады". Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
13 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізге қандай мамандар қажет екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript