Бәрі қас-қағым сәт. Алматыда 2 жасар қызды қаққан көлік видеоға түсіп қалған

zakon.kz zakon.kz
Видеода баланың тар көшеде орналасқан үйдің қақпасының алдында жүргені, бір мезетте оның аяқ-асты жолға қарай тұра жүгіре жөнелгені, сол кезде зу етіп бір көліктің өте шыққаны көрінеді.

10 мамырда Алматыда есік алдында ойнап жүрген бір баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды. Қайғылы оқиғаның видеосы редакциямызға келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы жағдай Ғанибет пен Қарағанды ​​көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry Ғанибет көшесі бойымен жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан. Қарағанды көшесінің қиылысында ол кішкентай қызды қағып кетеді. 2017 жылғы қыз бала оқиға орнында қайтыс болды.

Видеода баланың тар көшеде орналасқан үйдің қақпасының алдында жүргені, бір мезетте оның аяқ-асты жолға қарай тұра жүгіре жөнелгені, сол кезде зу етіп бір көліктің өте шыққаны көрінеді. Бәрі қас-қағым сәт.

Жүйкесі жұқа адамдарға видеоны ашпауды ескертеміз!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз