Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Лимфома 80% жағдайда емделеді

Лимфомалар – бұл ағзаның лимфа жүйесі қатерлі ісігінің түрі.

Сурет : kanalukraina.tv15 Қыркүйек 2020, 15:08

15 қыркүйек 2020 жыл. Жыл сайын 15 қыркүйекте Дүниежүзілік лимфолармен ауыратын науқастар қоғамының бастамасы бойынша Дүниежүзілік лимфомалармен күрес күні өтеді. Бүкіл әлемде 2018 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 2.8-ді (Globocan) құраған патологияның осы тобымен ауырудың ұдайы өсуі байқалады, Қазақстан бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 4.4 сырқаттанушылық деңгейі белгіленген.

Сонымен қатар, мамандар қазіргі технологиялар лимфомамен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға немесе толығымен емдеуге мүмкіндік беретінін атап өтуде.

Жыл сайын Қазақстанда 35 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік жағдайы тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 180 мыңға жуық қазақстандық тұр. Лимфоидты және қан түзетін тіндердің қатерлі ісіктері есепте тұрған онкологиялық пациенттер жалпы санының 4%-ына диагноз ретінде қойылады. 2018 жылы гемобластоздардың 1991 жағдайы және осы патологиядан өлімнің 664 жағдайы тіркелді. 2018 жылы сырқаттану 100 000 тұрғынға 8,1 адамды, ал өлім-жітім 100 000 тұрғынға 3,6 адамды құрады.

Лимфомалар – бұл ағзаның лимфа жүйесі қатерлі ісігінің түрі. Бұл жағдайда онкология лимфа тінінің жасушаларында дамиды, ал қатерлі ісік процесінің таралуы қан ағымымен де, метастаздармен де жүреді. Барлық лимфомалар келесідей бөлінеді: Ходжкин лимфомасы және ходжкиндік емес лимфомалар.

Өкінішке қарай, лимфомалардан болатын өлім деңгейі әлі де жоғары. Дегенмен, бүгінгі күні заманауи онколог-дәрігерлер лимфома алдында дәрменсіз емес, ал бұл ауруды бұрындары емделмейтін сырқаттардың қатарына қосқан. Соңғы жылдары сырқатты толығымен жеңуге немесе тұрақты ремиссияға қол жеткізуге арналған әдістер әзірленді.

Лимфомаларды емдеуде уақытылы және дұрыс дифференциалды диагностика өте маңызды рөл атқарады. Шынында да, В-клеткалық ходжкиндік емес лимфомалардың шамамен 25 түрі бар. Заманауи зертханалық жабдықтарсыз және жаңа биотехнологиясыз дұрыс диагноз қою өте қиын. Уақытылы анықтау және сапалы терапия кезінде лимфоманы 80% жағдайда емдеуге болады, ал қазіргі технологиялар лимфомамен ауыратын науқастарды толық емдеуге немесе олардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚазОРҒЗИ сүйек кемігін трансплантациялаумен гематология орталығының басшысы Сәуле Ғаббасова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жетекші онкологиялық қауымдастықтардың халықаралық хаттамаларына сәйкес лимфомаларды емдеудің қазіргі заманғы түрлері жүргізілуде: таргеттік терапия және гендік инженерия әдістемелері, химиотерапия, оның ішінде жоғары дозалы түрі белсенді қолданылады. Барлық химиотерапиялық және таргеттік препараттар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қамтамасыз етіледі. 2010 жылдан бастап көрсетілімдер болған жағдайда сүйек кемігін транспланттау жүргізіледі. Лимфоманың ПЭТ-КТ диагностикасы енгізілді, ол аурудың сатысы мен таралуын дәл анықтауға, сәулелік немесе химиотерапияның оңтайлы курсын тағайындауға, емдеу тиімділігін бақылауға және негізсіз операцияларды болдырмауға көмектеседі.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласындағы 266 24 67 телефонына хабарласыңыз


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер