Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында адам қағып, қашып кеткен "Лада" жүргізушісі ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 18:23 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Дәлелдемелерден кейін күдікті адам қаққанын мойындады.

Алматы-Өскемен автожолының 231 шақырымында сағат 23.40 шамасында Кербұлақ ауданының 41 жастағы тұрғынын белгісіз көлік қағып кеткен. ЖКО нәтижесінде зардап шегуші оқиға орнында есін жимастан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде апат орнынан қашып кеткен оңтүстік астананың 46 жастағы тұрғыны болып табылатын жүргізуші Алматы қаласынан анықталып, ұсталды. Оның жеке үйінің ауласынан жаяу жүргіншіні қағып кетуге тән іздері бар Ваз 21102 автокөлігі табылды. Дәлелдемелерден кейін күдікті адам қаққанын мойындады. Ол өзінің оқиға орнынан қашып кетуін қорқыныш салдарынан деп түсіндірді. Ол өзін ешкім таба алмайды деп ойлаған, себебі жол апаты түнде болып,ол жақын маңнан өзге адамдарды көрмеген", - дейді Көксу ауданының ПБ бастығы полиция подполковнигі Рамиль Гимадиев.

Аудандық криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері көліктің қирандылары бойынша жасырынбақ болған күдіктіні тез тауып, ұстады. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды. Сараптамалық қорытындылар алынғаннан кейін бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілетін болады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабының 1-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы", "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу") негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2020 18:23

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: