Жаңалықтар тізбегі
0

Тазабекті тексерейік. "Сәләфит емеспін десін" – онлайн петиция шықты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2020 16:44 видеодан кадр
Сәлафизм идеологиясын ұстанған адам елге қауіпті адам болып есептеледі.

"Ұлттық арнадағы тәлім тренд бағдарламасы жабылып, Мұхамеджан Тазабек Ұлттың арнасына жоламасын", деген талаппен желіде онлайн-петиция жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Петиция авторы Айгүл деген келіншек екен. Онда былай делінген:

Қауіпсіздік кеңесі назарына! "ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті назарына" Ұлттық қауіпсіздік комитеті назарына! Бұл халықтың ресми шағымы! Сәлафизм идеологиясын ұстанған адам елге қауіпті адам болып есептеледі. Танымдық бағдарламаны діни көзқарасы бойынша сараптамадан өтпеген адамға бермеу керек! Елдің тағдырын алаңдай келе М.Тазабектің Ұлттық арнада жұмыс істеуін, әзірге қауіпті деп санаймын. Діни көзқарасына нақтылық енгізу үшін Мұхамеджан Тазабектің діни көзқарасына ҚМДБ өкілдері Сансызбай Құрбанұлы және Қайрат Жолдыбайұлы сараптамадан өткізсін! Егер ҚМДБ өкілдері М. Тазабекке дәстүрлі ханафи мәзһабымен амал етіп, мәтуриди сенімінде деп сенім білдірсе, біз халық құптаймыз! Сараптамадан өткеннен соң, қорытындысын ел алдына ашық жариялауды сұраймын! М.Тазабек Ұлттық арнада жұмыс істегісі келсе, Ұлттың талабын орындасын! "Мен сәләфит емеспін" деп жазсын! Ал ағайын қоғамның пікірін жоғарыдағылар білсін десеңіздер, бөлісіңіздер!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: