ҰҚК "Borat24" деп интернет-дүкен ашқан ұйымдасқан қылмыстық топтың көзін жойды

16 Қараша 2020, 13:44
Сурет: 31tv.ru

ҚР ҰҚК есірткі бизнесімен айналысқан трансұлттық топтың көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2020 жылдың сәуірі мен қазан айы аралығында ҚР ҰҚК шетелдерден синтетикалық есірткілерді Қазақстанға жеткізіп, оны даярлап, Borat24 интернет-дүкені арқылы сатумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың көзін жою мақсатында кең ауқымды операция жүргізді, делінген құзырлы ведомства хабарламасында.

2019 жылдың қараша айында Көкшетауда әлеуметтік желілер арқылы синтетикалық есірткіні таратқан бес аймақтық дистрибьютор ұсталды. Биылғы жылдың 26 ​​сәуірінде Степногорск қаласында синтетикалық есірткі шығаратын зертхана анықталып, көзі жойылды. Ұсталғандардың әрекеттерін «Borat24» интернет-дүкенінің үйлестірушісі басқарғаны анықталды.

Операция нәтижесінде трансұлттық есірткі тобының 34 мүшесі ұсталды, сегіз есірткі зертханасы жойылды. Еліміздің ірі қалалары - Нұрсұлтан, Алматы және Шымкентке заңсыз иасымалданған 40 келі психотроптық заттар тәркіленді. Қара базардағы тәркіленген есірткінің болжамды бөлшек сауда бағасы 600 млн теңгені (80 мың доза) құрайды.

Сонымен қатар, заңсыз крипто-биржалардың қызметі тоқтатылды, олар биткойндорды сатып алу және оларды шетелге экспорттау бойынша қаржылық операцияларды жүргізу арқылы есірткіні сатудан түскен ақшаны заңдастыруды ұйымдастырды. Сонымен бірге алынған ақшаны заңдастыру үшін құрылған алты мобильді "майнинг фермалары" анықталды. Екі жыл ішінде (2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін) есірткі құрылымдары 2,5 миллиард теңгеден астам қаражатты заңдастырды.

Бұл фактілер ҚР Қылмыстық кодексiнің 297-бабы, 4-тармағы, 264-баптың 2-тармағы, 286-баптың 4-тармағы және 218-баптың 3-тармағына сәйкес тіркелген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?