Тоңазтқыштағы бала өлімі: Дәрігерлер сотына қатысты тағы бір сұмдық мәлімдеме жасалды

18 Қараша 2020, 11:33
Сурет: azh.kz

Кезекті сот отырысында негізгі сотталушы Қуаныш Нысанбаевтың адвокаты Аслан Жолболов сұмдық мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, тергеу барысында жәбірленуші Нұржамал Тұрымбетованың нәрестесінің мәйіті сараптамаға жіберілген кезде ауыстырылған болуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мен жекелеген дәлелдердің, атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары институтының комиссиялық (екінші) сараптамасының қорытындысы жарамсыз екендігі туралы мәлімдеме жасағым келеді. Осы қорытынды негізінде менің қорғалушым Нысанбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша аса ауыр қылмыс жасады деп айып тағылуда, - деді Жолболов деп жазады Azh.kz.

Бірақ ол алдымен Батыс Қазақстан бойынша сот сараптамасы институтының алғашқы сараптамасына тоқталды. Оның пікірінше, мұнда да даулы мәселелер бар. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сараптамадан кейін нәрестенің мәйіті Оралдан 2019 жылдың 30 қыркүйегінде қайтадан Атырауға жеткізіліп, сол күні ата-анасына қайтарылған. Алайда, Жолболовтың айтуынша, 2020 жылдың 7 қыркүйегінде сотта оралдық сарапшылар атыраулық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері оны 2019 жылғы 11 қазанда қорытындымен бірге алып кетті деп жауап берген.

- Менің әріптесім адвокат Жамбыл Мұқашев осы сәйкессіздік туралы бірнеше рет айтқан, бірақ сот оны ескермеген. Енді мен Қарағандыда жасалған комиссиялық сараптаманың қорытындысына сіздердің назарыңызды аударғым келеді. Биылғы 9 қазанда мен ҚР Әділет министрлігінің Сот-сараптама орталығына "зерттеу объектісіне берілген нөмір сараптама қорытындысының нөміріне сәйкес келуі керек пе?" деген адвокаттық сауал жолдадым. Бұл сауалға оң жауап алдым. Енді қараңыз: зерттеу объектісіне берілген нөмір - №14-651/23-3-257K. Бұл мынадай мағынаны білдіреді: 14-651 - зерттеу объектісі тіркелген реттік нөмірі, яғни, тіркеу журналына сәйкес, Тұрымбетованың нәрестесінің мәйіті. 23-3 – сараптама шифрлары, 257K – комиссиялық сараптама нөмірі. Бұл ретте, қорытындыға жалғанған суретке сәйкес, зерттеу объектісі 14-652/23-3/257K нөмірлі материал болды. Цифрлар сәйкес емес - менің пікірімше, бұл басқа мәйіт екендігін білдіреді. Білмеймін, бұл қате ме, басқа нәрсе ме, бірақ әрі қарай №14-652 нөмірге сол тергеу-жедел тобы тағайындаған басқа Айтмұратова дегеннің сәбиінің мәйітіне қатысты материал тіркелген. Әрі қарай №14-563 материал Роза Молдағалиеваға қатысты. Айтмұратованың кім екені бізге белгісіз, ол осы қылмыстық істің материалдарында жоқ, - деді Жолболов.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, зерттеу объектісі басқа болды деп санаймын. Қорытындыны сот жасайды.

Бұдан басқа, ол контейнерді мөрлеу кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген, бұл да Тұрымбетованың нәрестесінің мәйіті зерттелмеген деген күдік тудырып отыр деп есептейді.

- Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, мен 2019 жылғы 20 желтоқсандағы 14-651/23-3-257k нөмірлі кешенді сот сараптамасының қорытындысын іс бойынша жарамсыз дәлел деп тануға өтініш беремін. Сондай-ақ, бұл жағдайда нәрестенің мәйіті - сот-медициналық зерттеу объектісінің ауыстырылғаны туралы мәлімдеме жасауға мәжбүрмін. Мұны кім, қандай мақсат үшін жасады, менің ойымша, уәкілетті органдар анықтауы тиіс.

Судья Гүлмира Дәулетова танысу үшін құжаттарды прокурор Нұржан Жангереевке беруді сұрады. Екінші прокурор Магомед Есенболатовтысудья өткен отырыстардың бірінде процестен шеттеткен. Адвокаттардың айтуынша, судья сотталушылардың бірі – акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның өтініші негізінде прокурорға қарсылық білдірген.

Енді ұзаққа созылған осы сот отырысында сотталушы Нысанбаевқа қатысты 367-баптың 2-тармағы ("Айтарлықтай мөлшерде пара беру") бойынша айыптау эпизодын қарау қалды. Тараптардың жарыссөзі 24-26 қарашаға жоспарланған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?