Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізілді

Аранйы операция кезінде есірткі сатушы ұсталды.

Сурет : видеодан алынды18 Қараша 2020, 14:36

Нұр-Сұлтанда есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операция өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жеңіс көшесінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы астананың тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды, оны тінту кезінде сөмкесінен "гашиш" салынған 13 полиэтилен пакет табылды. Полиция тұрғылықты жері бойынша пәтерді тінту кезінде сатылымға дайындалған "гашиш" салынған 3 полиэтилен пакет пен есірткі салынған 32 оралған полиэтилен пакеттерін тапты. Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі заттары алынды, олардың қара базардағы бағасы 30 миллион теңгеден асады, - Нұр-Сұлтан қалалық ПД.

Елорда территориясына есірткіні жеткіу және сатумен айналысқан қылмыстық тізбектегі басқа да сыбайластарды анықтау бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-тармағы, яғни "Есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау", ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-тармағы, "Есірткі затын аса ірі мөлшерде сату" және 287-бабының 2-бөлімі, "Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, сақтау" бойынша қылмыстық іс қозғалды, бұл үшін 10-нан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер