Қызылорда облысының экс-әкімі 7 жылға сотталды

10 Желтоқсан 2020, 15:34
Сурет: vgr.by

10 желтоқсанда Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қ.Ысқақов, оның орынбасарлары М.Имандосов пен М.Делмұханов, экс-әкімінің туысы А.Досмаилов пен экс-әкімінің сенімді тұлғасы Ж.Ысқақов кінәлі деп танылып, жаза тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жазасын орташа қауіпсіз колонияда өтеумен және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қ. Ысқақов - 7 жылға, оның орынбасарлары М. Имандосов пен М. Делмұханов - 6 жылға, облыстың бұрынғы әкімінің туысы А. Досмаилов пен облыстың бұрынғы әкімінің сенімді тұлғасы Ж. Ысқақов - 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерінің бір күндік жалақысын аудару есебінен қалыптастырылған және Арыс қаласында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған "Сыр Мейірімі" қорының ақшалай қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Аталған іс бойынша жалпы саны 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн. Жоғарыда аталған 5 сотталушыдан басқа қылмыстық іске 4 кәсіпкер мен Қызылорда облысы Құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы тартылды. Оларға қатысты шын өкінуіне байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?