ШҚО мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатысуға 748 кандидат тіркелді

15 Желтоқсан 2020, 10:18
Сурет: ШҚО коммуникациялар қызметі

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының өкілдері баспасөз конференциясы барысында облыста тіркелген қатысушылардың саны туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының сайлау комиссияларына барлығы 78 партиялық тізім және 5 саяси партиядан 771 кандидат ұсынылды.

Үміткерлерден келіп түскен өтініштерге байланысты 23 адам денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша өз кандидатурасын алып тастады.

Ақыры 748 адам тіркелді. Партиялық тізімдер "Nur Otan" партиясынан – 542 адам, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясынан – 88 адам, "ADAL" саяси партиясынан – 53 кандидат, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 41 кандидат, "Қазақстанның Халық партиясынан" – 24 кандидат тіркелді, - деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алканова.

Облыс мәслихатына барлығы 4 саяси партияның тізімі беріліп, 104 кандидат ұсынылды. Қалалық мәслихаттарға – 5 партиядан 172 үміткер. Аудандық мәслихаттарға - 5 партиядан 495 кандидат. Партиялық тізімдерге 370 әйел мен 29 жасқа дейінгі адамдар тіркеліп, 30 пайыздық квота сақталып отыр.

Партиялық тізімдерге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.

Партиялық тізімдерді тіркеу туралы мәліметтер кандидаттардың және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін уәкілетті органға жіберілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?