Өзбекстанда президент сайлауына түсетін алғашқы кандидат шықты

TASS, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 15:38 TASS
Нарзулла Обломуродов 4 тамызда орталық кеңестің кезектен тыс пленумында кандидат ретінде ұсынылды.

Өзбекстан экология партиясы биыл қазандағы президент сайлауына түсетін кандидатын ұсынды, дейді Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Экопартия ОК атқарушы комитетінің төрағасы Нарзулла Обломуродов 4 тамызда орталық кеңестің кезектен тыс пленумында кандидат ретінде ұсынылды.

Жиналыста айтылғандай, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, халыққа қолайлы жағдай жасау, климаттың өзгеруіне бейімделу, Арал теңізі апатының салдарын жұмсарту - Экопартияның сайлауалды платформасының басты бағыттары ретінде аталды.

Өзбекстан экология партиясы президент сайлауына бірінші мәрте түседі. Партия саяси ұйымдар арасында бірінші болып өз үміткерін ұсынды.

Өзбекстанда президент сайлауы биыл 24 қазанда өтеді. Жергілікті заңдарға сәйкес, президент сайлауына түсетін кандидаттарды саяси партиялар ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: