"Ақ жол" партиясынан Мәжіліске кандидаттар Қарағанды облысында болды

22 Желтоқсан 2020, 19:10
Сурет: "Ақ жол" партиясы

Бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясынан Мәжіліске кандидаттар- Парламент депутаты Дәния Есбаева, "ECOJER" экологиялық бастамалар Қауымдастығының атқарушы директоры Рамазан Жампейісов және ЕҰУ жанындағы "Алаш" институтының директоры Сұлтан -Хан Аққұлы Қарағанды облысында болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Партияның жергілікті филиалының төрағасы Ермек Әбілдинмен бірге олар Қарағанды, Теміртау және Абай қалаларындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылықпен, еңбек ұжымдарымен кездесті. Кандидаттар "Ақ жол" демпартиясының бағдарламасы жөнінде әңгімелеп, отандық өндірушілер мен кәсіпкерлікті қолдау туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, жұмыскерлерді әлеуметтік жағынан қорғау, партияның тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге арналған бастамалары жөнінде пікірлесті.

Бүгінде жұмысшыларды қатты алаңдатып отырған басты мәселе олардың әлеуметтік жағдайы. "Ақ жол" партиясы осы орайда кейбір үкіметтік бағдарламалардың сапасын арттыруды көздеп отыр. Партия жас отбасыларды және әлеуметтік аз қамтылған шаңырақтарды көбірек ынталандыру керек деп отыр. Оған қоса, әлеуметтік қорғау ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы және әлеуметтік жәрдемақылар айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) емес, ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелуі тиіс деген ұстанымда. Бұл көмек азаматтардың толыққанды тамақтануға, киім-кешегіне және коммуналдық шығыстарға қажетті шығындарды қамтитынболуы қажет. Пандемияға байланысты жағдайлар білім беру, денсаулық сақтау салаларында, әлеуметтік төлемдерді цифрландырудағы сәтсіздіктер көрсетіп осы мәселелерді шұғыл түрде шешу қажеттілігін көрсетті. Сондықтан ақжолдықтар сайлауда жеңіске жетсе, бірінші кезекте осы әлеуметтік мәселелерді шешуге ден қоймақ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?