Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде балалар үйінің түлектері баспаналы болды

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 16:42 ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Жалпы, Шығыс Қазақстанда көпбалалы аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларының кешенді бағдарламасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы көп балалы отбасылар санатынан кезекте тұрған 388 отбасы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласында үй кезегінде тұрған жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 20 балаға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кету керек, жастарға баспана облыс орталығындағы жаңа 19-ықшам ауданында бой көтерген бес қабатты тұрғын үйден берілді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында қоныс тойын тойлаған қала тұрғындарының қуанышына ортақтастан аймақ басшысы әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ, молшылық пен береке тіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 16:42

– Жақын уақытта 600 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысы аяқталады. Оның екеуі, яғни, 110 пәтер көпбалалы отбасыларына, жетім балалар мен өзге де санаттағы әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне беріледі. Жалпы өңірде тұрғындардың барлық санатын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 443 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылады. 19 үй қолданысқа берілді, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Уақытша Ана үйін паналап жүрген Сандуғаш Қасенованың ата-анасы ерте өмірден озған. Дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін жас ана қуаныштан көзіне жас алып, қамқорлығын аямаған еліне алғысын жеткізді. Сонымен қатар баспаналы болған әр пәтер иесіне тұрмыстық техника сатып алуға арнайы сертификаттар табыс етілді.

– Бізге баспана беріп, қамқорлық танытып жатқан мемлекетімізге, халқыма, облыс басшылығыга үлкен алғыс білдіремін. Отбасымыздың тағдырына түскен қиын кезеңде қолдау көрсетіп, қамқор болды. Көп рахмет! – дейді Сандуғаш Қасенова.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 16:42

Жалпы, Шығыс Қазақстанда көпбалалы аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларының кешенді бағдарламасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы көп балалы отбасылар санатынан кезекте тұрған 388 отбасы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: