Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да көпбалалы отбасыларға арналған қолдау бағдарламасы қалай іске асырылуда

Пресс-служба акима ВКО, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 22:09 Пресс-служба акима ВКО
Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірде 181 мың тұрғын тіркелгенін атап өтті. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған 27,1 мың көпбалалы ана бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл көпбалалы аналарға көрсетілетін бірыңғай әлеуметтік көмек екі есеге артты. Сөйтіп 70 мыңнан 140 мыңға дейін қаражат төленетін болды. Ал атаулы әлеуметтік көмек үш есеге көбейді. Сондай-ақ тұрғын үй алуға алғашқы жарна беріліп, субсидия бөлінетін болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 22:09

- Ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік жағынан аз қамтылған 21 мың отбасыға немесе 100,2 мың адамға жалпы сомасы 8,3 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жыл соңына дейін АӘК-ті шамамен 26 мың отбасы немесе 107,6 мың алады. Оған 11 млрд теңге қарастырылған, - деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар биыл шығысқазақстандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешудің нақты жолдары қарастырылды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 33,5 мың бала мектеп формаларымен және ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілді. 3,5 мың бала балабақша тегін барады. Еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау мақсатында колледждерге 7930 грант бөлінді. ЖОО-ның түлектеріне 400 грант (аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары) қарастырылды. Олар тегін тамақ және жолақымен қамтамасыз етілген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 22:09

Биыл көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ еңбекке жарамсыз мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке бизнестерін ашуға көмек көрсету мақсатында 1227 грант тағайындалды.

Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Бүгінде ауылдық жерлерде тұратын 388 отбасы немесе 23% қоныс тойын тойлады. Оның ішінде 231-і бюджеттен тыс қаражат есебінен, 118-ң мемлекеттік тұрғын үй қорынан, 39-ы демеушілер тарапынан көмек алып, үй алды. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша осы отбасыларды бюджеттен тыс қаражат көздері арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету механизмін енгізу қарастырылуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: