Жамбыл облысында жастарды баспанамен қамтуға бағытталған жаңа бағдарлама жүзеге асырылады
Оны әзірлеуде облыстың ерекшеліктерін ескере отырып және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оң нәтиже берген пилоттық бағдарламалар негізінде алынды.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы айтты. Оның сөзінше, бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бағдарлама болмаған.
«Жалпы облыста тұрғын үй алуға кезекте - 7 140, жер телімін алуға кезекте тұрған 10 787 жас бар. Өткен жылы ипотекалық несие рәсімдеген жастар саны 318-ді құрады. Бағдарламаға жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы - 13 млн теңгеге дейін. Несие беру уақыты - 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме - 5%, бастапқы жарна - 5%. Қамту - 50 адам», - деп атап өтті спикер.
Еркін Құлымбайұлы өңірде 13 млн теңгеге дейін 1 744 пәтер болса, 1 110 тұрғын үйдің бар екендігі анықталғанын мәлімдеді. Бағдарламаға төмендегі қызмет салаларында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы қатысады және негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. Жамбыл облысының әкімдігі мен Отбасы банк бірлесіп іске қосқан «Әулиеата жастары» жобасы жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге баспаналы болу үшін жеңілдетілген шарттармен заем алу мүмкіндігін береді.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде аталған банктің өңірдегі филиалының директоры Бекназарова Гүлзат Мұратқалиқызы айтты. Оның мәліметінше, үміткердің жасы 35-тен аспауы керек. Бағдарламаға қатысушылардың Жамбыл облысындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Табысы да ескерілетін болады. Отбасының әрбір мүшесі үшін ол 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейінен астауы керек.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Қазіргі таңда облыстың 35 жасқа дейінгі 7 140 тұрғыны баспана кезегінде тұр. Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 318 жас азамат жеке пәтер алуға мүмкіндік алды. Биыл «Әулиеата жастары» бағдарламасы қолжетімді шарттармен тұрғын үй алудың тағы бір қосымша құралына айналады. Өз кезегінде біздің облыс әкімдігі жаңа жобаға 500 млн теңге бөлді, ал Отбасы банк жеңілдетілген шарттармен несие беруге көмектеспек. Осындай қолдаудың арқасында бағдарлама қатысушылары жуық арада қоныс тойын тойлайтын болады, – дейді Гүлзат Бекназарова.
Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтінімдерді қабылдау www.e-jambyl.kz порталында 20 шілде күні басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады.