Ақшаға мұқтаж 25 жастағы қыз Бурабай курортында жезөкшелікке мәжбүрленді

23 Желтоқсан 2020, 16:46
Сурет: fishki.net

Ақмола облысының полицейлері Бурабай курорттық аймағында жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу дерегін ашты, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицейлер Көкшетау қаласының бұрын бірнеше рет сотталған 29 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 25 жастағы қыздың ақшаға мұқтаж жағдайын пайдаланып, бір жылдан астам уақыт бойы оны Бурабай ауданында еркектерге интим қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Оның үстіне, осы уақыт бойы ол қыздан ақша бопсалаған екен.

Қазір аталған екі факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы "Жезөкшелікке тарту" және 194-бабы "Бопсалау" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті изоляторға қамалған.

– Тәжірибе көрсеткендей, өмірде дұрыс жолын таппаған кейбір әйелдер осындай амалмен "оңай ақшаға" кенелуге мәжбүр. Көбіне бұл жолға алкогольге тәуелді және еркін жүріске салынған әйелдер түседі, деп ескертеді полиция өкілдері.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?