Алматыда жедел жәрдем қызметінің экс-директоры 6 жылға сотталды

23 Желтоқсан 2020, 17:24
Сурет: 24.kz

Алматы қалалық жедел жәрдем қызметінің бұрынғы директоры Азамат Әменов алты жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қалалық департаменті жедел жәрдем қызметінің экс-директоры мен оның орынбасарының сотталғанын хабарлады.

Сот Азамат Әменовті 6 жылға, ал оның орынбасары Алмауытованы 3 жылға бас бостандығынан айырды. Қалған сотталушыларға айыппұл салынды.

Әменов пен Алмауытова 27 миллион теңгенің медициналық сөмкелерін жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға көмектескені үшін 2,7 миллион теңге пара алды деп күдікке алынған.

Сотталушылар мемлекеттік қызметте орналасу құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?