Балаларын тәртіптеген ана ұлын сабап, қыста қызын далаға жалаңаш шығарып жіберген

@jexenchat @jexenchat
Отбасы полицияның профилактикалық есебіне алынды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің балаларын бұзықтығы үшін қатаң түрде жазалауды шешкен, деп хабарлайды zakon.kz.

23 желтоқсанда сағат 21.20-да бір жанашыр әйел полицияға хабарласқан. Ол көршісінің 6 жасар ұлын ұрып, ал 8 жасар қызын жалаңаш көшеге шығарып жібергенін айтты.

Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады, ол көршісінің киім жаюға арналған қыстырғыштарды сұрамастан алып, ойнаған балаларын осылай жазалағысы келгенін түсіндірді. Отбасы Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның Ювеналды полициясына тіркеуге алынды, деп хабарлады елордалық ПД.

Қазіргі уақытта бұл жағдайды полиция қызметкерлері мен Нұр-Сұлтан қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының заңды өкілдері объективті шешім қабылдау үшін жан-жақты зерттеп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз