Балаларын түнде еркімен жіберген 372 ата-ана жауапқа тартылды
ҚазАқпарат
Рейд барысында 414 жасөспірім жеткізілді.
Алматыдағы жергілікті ювенальды полиция түн ішінде қараусыз жүрген жасөспірімдер мен бала еңбегін пайдалану фактілерін анықтау мақсатында рейд өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен БАҚ өкілдері 6 топқа бөлініп, полиция қызметкерлерімен бірге қаладағы ойын сауық және қоғамдық орындарды аралады.
«Рейд барысында 414 жасөспірім жеткізілді, соның ішінде 392 бала әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, 22-сі - қараусыз жүргендер. Бейімдеу орталығына 19 бала жеткізілді. Балаларын түнде қараусыз жіберген 372 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript