Қазақстандықтарға доллар бағамында күрт өзгеріс болатындығы ескертіліп жатыр

18 Қаңтар 2021, 12:35
Сурет: stopfake.kz

Қазақстандықтар желіде бір-бірін 27 қаңтарда доллар бағамында күрт өзгеріс болатындығы туралы ескертіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Валюта "алтын стандартына" байланады дейді.

Шындығында, бұған ешқандай негіз жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.

Дональд Трамп әр басылып шыққан долларды асыл металдың белгілі бір мөлшерімен күшейту туралы бірнеше рет айтқан. Оның ұсынысын Федералды Резерв Кеңесіне сайлауға түскен Джуди Шелтон да қолдаған. Алайда, АҚШ ұлттық валютасын бағалау жүйесін өзгерту және оны алтынға байлау идеясы танымал болмай, сенат мүшелері Шелтонның кандидатурасына қарсы дауыс берді.

Көптеген экономистердің пікірінше, "алтын стандартына" байланыстыру жақсы нәтиже бермейді. Керісінше, бұл шара айналымдағы ақша мөлшерін едәуір азайтады. Сондай-ақ, алтынның құбылмалы бағасы АҚШ валютасына теріс әсерін тигізеді. Айта кетейік, Штаттардың валюталық жүйесіндегі өзгерістер туралы ресми мәлімдемелер жасалған жоқ. Федералды резервтік жүйе сайтында да мұндай хабарламалар жарияланбаған. Демек, үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында доллардың "алтын стандартына" байланатыны туралы хабарламалар расталмайды, делінген хабарлдамада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?