22 маусымдағы саудада доллар бағамында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ

Теңге, доллар, еуро, рубль, юань, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 15:53 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,62 теңге (+0,09) болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай Халық Республикасында 2023 жылғы 22-23 маусымдағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілген жоқ.

Еуро бағамын Ұлттық банк 488,38 теңге, рубльді 5,32 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 446,5-449,5 теңге, еуро – 491-495 теңге, ресей рублі – 5,21-5,45 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал 22 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 76,7 долларға дейін 0,54%-ға төмендеді.

WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 0,51%-ға арзандап, барреліне 72,16 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: