23 маусымдағы саудада доллар сәл арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,54 теңгеге арзандап, 447,05 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай Халық Республикасында 2023 жылдың 22 және 23 маусымындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілген жоқ.
Еуро бағамын Ұлттық банк 492,38 теңге, рубльді 5,36 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 445-449 теңге, еуро 487-492 теңге, ресей рублі 5,3-5,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал 23 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы 1,05%-ға төмендеп, барреліне 68,78 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 0,97%-ға арзандап, барреліне 73,42 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript