Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде жол полициясы мен көлік жүргізушісінің диалогы қызу талқыға түсіп жатыр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2021 16:00 видеодан алынды
Видеодағы оқиға Тараз қаласында болғаны белгілі болды.

Желіде жолай көлікті тоқтатқан жол полициясының видеосы жаппай тарап, қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеодағы оқиға Тараз қаласында болғаны белгілі болды. Онда Жол полиция қызметкері көлікті не үшін тоқтатқанын сұрап, құжат көрсетуден бас тартқан азаматқа лағынет айтқан.

- Атыңыз кім?

- Нұрлыбек.

- Ақ жол! Жортқанда жолың болсын, бауырым! Қарғыс атсын сені!

Осындай диалогтағы видео әлеуметтік желіге тарап қызу талқыға түсіп жатыр.

"Бірі жол сақшысы артық кетті десе, енді бірі тәртіпке бағынбаған көлік жүргізушісін айыптайды. Негізінде полицей жарық шамын жақпаған жеңіл көлікті тоқтатып, құжатын сұраған. Алайда жүргізуші "ереже бұзғанымды дәлелде" деп қасарысып тұрып алады. Тіпті, инспекторға "қызметтік куәлігін көрсет" деп қырсығады. Екеуі біраз сөз таластырып, соңынды аға лейтенант жүргізушіні қарғап-сілейді. Басына бәле тілден келетінін білмеген сақшының мәселесін енді полиция департаменті майшаммен қарап жатыр" деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Инспектордың бейнежетонынан және сырттай бақылау камераларынан бейнежазбаны алу, сондай ақ автокөлік жүргізушісін тауып, одан жауап алу мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: