"Қызыл паспорт" ұстаған адамды жалдаған қожалық басшысына айыппұл салынды

иллюстрация үшін алынды иллюстрация үшін алынды
Соттың санкциясымен ескі төлқұжатпен жүрген ер адам Павлодар қаласының қабылдау-бөлу орнына 30 тәулік мерзімге орналастырылды.

Павлодар облысында "қызыл паспортпен" жүрген ер адамды жұмысқа алған шаруа қожалығы иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Күмәнді пәтер" шарасы аясында Май ауданының тәртіп сақшылары шаруа қожалықтарының бірінде белгілі бір тұрғылықты жері мен қажетті құжаттары жоқ азаматты анықтады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

- Ер адамның Шығыс Қазақстан облысында туып, сол жақта тұрғаны анықталды. Табыс табу мақсатында екі ай бұрын Май ауданының ауылдарының біріне келіп, шаруа қожалықтарының біріне жұмысшы болып орналасқан. Өзімен бірге 1974 жылғы үлгідегі паспорты болған. Полицейлер шаруа қожалығының басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ, соттың санкциясымен ер адам Павлодар қаласының қабылдау-бөлу орнына 30 тәулік мерзімге орналастырылды.

Айта кету керек, аталған іс-шара нәтижесінде полиция қызметкерлері 3201 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 3793 азаматты қабылдау-бөлу орнына орналастырды. 2755 күмәнді пәтер анықталып, ішкі істер органдарына есепке қойылды, оның ішінде 646 жалдамалы пәтер бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне ақпарат жолданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз