Қазақстанның Армения, Чили және Бразилиядағы елшілері қызметінен босатылды

12 Ақпан 2021, 11:12
Сурет: 112.ua

Тимур Оразаев пен Қайрат Саржанов елші қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Тимур Оразаев 2016 жылы Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған.

Қайрат Саржанов 2017 жылы Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративті Республикасындағы, Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?