Нұр-Сұлтанда біреулер тірі сиырды ғимарат басына кранмен көтеріп шығарды

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 20:40 pexels.com
Желі қолданушылары жұмысшылар осылай төбеге шығарған сиырды жоғарыда сойып алмақшы шығар деп болжам жасады. Көпшілігі мұны жабайылыққа, жануарды қорлауға теліді.

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды жаңадан салынып жатқан ғимарат басына кранмен көтеріп шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео желідегі zhaloby_astana парақшасында жарияланды.

Не істеп жатыр? Біреу түсіндіредіме мынаны!? Нұр-Сұлтанда сиырды кранмен төбеге көтеріп шығарды, деп жазады автор.

Желі қолданушылары жұмысшылар осылай төбеге шығарған сиырды жоғарыда сойып алмақшы шығар деп болжам жасады. Көпшілігі мұны жабайылыққа, жануарды қорлауға теліді., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2021 20:40

Елордалық полиция бұл оқиғаға қатыстылар сот алдында жауап беретінін атап өтті.

Бұл факт тексеріліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланғаннан кейін, оған заңдық баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады, - деп түсіндірді полициядағылар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: