Рейд кезінде жезөкшелер ордасынан сотты болған ресейлік келіншек анықталды

22 Ақпан 2021, 13:40
Сурет: polisia.kz

Алматыда интим қызмет көрсететін тағы бір жезөкшелер ордасының көзі жойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық ПД мәліметі бойынша, Медеу ауданында массаж салоны атын жамылып, интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер ордасы болған. Мекемеде жұмыс жасайтын қыздар өз клиенттеріне массаждан бөлек басқа да қосымша жеке қызметтер көрсетумен айналысқан.

Жедел уәкілдер жезөкшелер үйінен жеңіл жүрісті 11 қызды анықтады. Қыздар арасында көрші елдерден келгендер де "еңбек еткен". Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей азаматы бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотталған, - деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Еркін Іңкәров.

Барлық жеңіл жүрісті қыздарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жыныстық қызмет көрсету үшін орын-жайды жалға берген үй иесі тексеріледі.

Ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді, деп толықтырды полициядағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?