Мархабат Жайымбетов қызметінен босатылды

4 Наурыз 2021, 11:26
Сурет: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мархабат Жайымбетов 1965 жылы Қызылорда облысында туған.

КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің Қызылорда политехникумын, Волгоград ауыл шаруашылығы институтын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Йорк университетін бітірген.

Еңбек жолын энергетик болып бастаған, басшылық қызметтер атқарған, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласының әкімі, Арал ауданының әкімі, ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?