Маңғыстаулық кәсіпкер пенопласт шығара бастады

6 Сәуір 2021, 13:01
Сурет: Мұнайлы ауданы әкімдігі

Кәсіпкер Ақылбек Жайылбаев пандемияға қарамастан пенопласт өндіру кәсібін бастады. Маңғыстау ауылында орналасқан цехта күніне 60 м3 пеноплас шығарады. Шикізатты Ресейден сатып алып, Атырау, Ақтөбе, Қостанай мен Шымкентке экспорттайды. Маңғыстау облысында пенопласқа деген сұраныс аз емес, деп хабарлайды zakon.kz Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізі пенопласты түріктер өндіреді әрі оны құрылыс саласында әуелден қолданады. Тұрғын үйлердің сыртқы фасадына бауырлас ел пенопласты әсемдеп, әрлеп, жабыстырады. Соңғы жылдары Ақтау қаласында құрылыс қарқын алды. Жергілікті құрылыс компаниялары да осы тәсілді қолдана бастады. Негізі пенопласт әрі пайдалы, әрі арзан. Өйткены бұл материал қыста үйдің жылуын сақтап тұрса, жазда ыстық өткізбей, үй салқын болады, - деді цехтың өндіріс саласына жауапты маман Абдулла Ақмұрзаев.

Бүгінгі күні жеке кәсіпкер 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың барлығы мұнайлылықтар. Цех басшылары жақын арада цехтың өндіріс көлемін арттырып, тағы 10-12 азаматты жұмысқа қабылдауға әзір екендігін жеткізді. Сондай-ақ жақын арада дәл осындай тағы бір цех іске қосылмақ.

Кәсіптің осы түрін біздің облысқа, оның ішінде Мұнайлы ауданына алып келіп, өндіріс саласына өз үлесімді қосқым келді. Ойымды жүзеге асыру үшін "Нұр капитал" бағдарламасымен 22 миллион теңге алып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Ісім өрге домалап келеді, - деді жеке кәсіпкер Ақылбек Жайылбаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?