Вакцина салдырғандар да коронавирус жұқтырып жатыр

16 Сәуір 2021, 09:46
Сурет: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде вакцина салдырған 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыруына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінде вакцина (бірінші және екінші дозасын) алғаннан кейін коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 16 жағдайы тіркеліп отыр. Олардың ішінде соңғы дозасын алғаннан соң төрт аптадан кейін инфекция жұқтырған адам да бар. Бұл – екпеден кейінгі ең ұзақ уақыт, - деді Байтанаев.

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаевтің сөзінше, Қазақстанда қолданылатын КВИ-ға қарсы вакцина құрамында бүтін тірі вирус жоқ, сондықтан салған вакцина коронавирус ауруын тудырмайды.

Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір бөлігі ғана бар. Кейін инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл вирусты танып, оны жояды. Осыған байланысты, адам вакцинадан вирус жұқтырмайды және басқаларға жұқпалы болмайды, - деп түсіндірді ол.

Министрлік өкілінің айтуынша, инфекцияға қарсы вакцина салдырған адамдардың коронавирус жұқтыруы антиденелердің 12-14 күннен кейін пайда болуына байланысты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?