Актриса Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті

19 Сәуір 2021, 09:08
Сурет: instagram.com

Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Instagram парақшасында Асхат Маемиров жазды.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Тартоғай ауылында туған.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері, қазақ театры мен кино өнерінің майталманы.

Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді. Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш. Ғазиза Апа, асыл апам-ай, делінген жазбада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?