Семейде ковид науқастардың өліміне қатысты бірқатар шенді жазаланатын болды

26 Сәуір 2021, 16:04
Сурет: ШҚО Ақпарат орталығы

Баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ермек Омарбеков өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндап, Семейдегі коронавирус салдарынан тіркелген кісі өлімі себептерін зерттеген комиссия жұмысының нәтижелері туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Пандемия басталғаннан бері облыста коронавирус инфекциясына шалдығудың 24,5 мың жағдайы тіркелді, оның 17 мыңы - клиникалық, ал 7,5 мыңы - вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары.

Ермек Омарбековтың айтуынша, бүгінгі күні жұқпалы ауруға шалдыққандарға 3 544 төсек-орын даярланған, оның 319-ы - реанимациялық, 490-ы - карантиндік орын. Ауруханаларда 350 науқас емделіп жатыр, оның үшеуінің жағдайы өте ауыр, 28-і - ауыр, 319-ы орташа ауыр жағдайда. Бұл жағдайда төрт науқас жасанды тыныс алу аппаратына, ал 23 - инвазивті емес аппаратқа қосылған.

Баспасөз мәслихаты барысында Ермек Сембайұлы қайтыс болған адамдар туралы, сондай-ақ ауруынан жазылғандар туралы статистикалық мәліметтер келтірді.

Жазылғандарға келсек, жұқпалы аурулар ауруханасынан 12 220 науқас шығарылды, 7 121 адам амбулаториялық деңгейде емделуді аяқтады. Алайда, биылғы жылдың басынан бері облыста коронавирустың салдарынан 25 адам қайтыс болды, оның 22 жағдайы Семей қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде тіркелді. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша Семейге өлім жағдайларының себептерін анықтау үшін арнайы комиссия аттанып, 23-25 ​​сәуір аралығында жұмыс істеді. Жұқпалы аурулар ауруханасының жұмысындағы салғырттықтар анықталды.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бұл ауруханада кемшіліктер анықталған. Біріншіден, аурудың барлық тарихында ҚР ДСМ COVID-19 емдеу хаттама тәртібінің толық сақталмауы байқалады. Екіншіден, денсаулық паспорттарындағы деректерді ескере отырып, қосымша сырқаттарына қарай науқастарды емдеу, диагнозына түзету енгізу жүргізілмейді. Үшіншіден, гормондық терапияны тағайындауда аурудың басталуы, зертханалық зерттеулер мен ЭКГ нәтижелері ескерілмейді. Төртіншіден, ауруханаға жатқызылған соң бірінші тәулік ішінде науқастар КТ тексеруден өткізілмейді. Емдеу компьютерлік зерттеулердің нәтижелерін ескерусіз тағайындалады. Бесінші, антибиотиктердің, диуретиктердің бірнеше тобын негізсіз тағайындаулар болған.Мысалы, жүргізілген емнің ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы COVID-19 емдеу хаттамасына толық сәйкес келмеуі байқалды. Сонымен қатар, емдеу және қойылған диагноздар науқастың қосалқы ауруларын, яғни денсаулық паспорттарындағы деректерді ескере отырып жүргізілмеген. Гормондық терапияны тағайындау кезінде аурудың басталуы, зертханалық зерттеулер мен ЭКГ нәтижелері ескерілмеген. Ауруханаға жатқызудың бірінші күні пациенттерге КТ зерттеуі жүргізілмеген.

Антибиотиктер мен диуретиктердің бірнеше тобының негізсіз тағайындауы анықталды.

Сонымен қатар, Семейдегі томография жабдықтары істен шыққан болып шықты. Алты құрылғының тек екеуі ғана 20 наурыздан бастап жұмыс істеген.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов та бұл жайтқа байланысты Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады.

"Жыл басынан бері біздің облыста, өкінішке орай, 25 адам COVID-19 індетінен қайтыс болды. Осы ретте әрбір отбасына көңіл айтамын. 25 жағдайдың 22-сі Семейдегі бір ғана инфекциялық ауруханада тіркелген. Менің тапсырмам бойынша ол жерде комиссия жұмыс істеді...Демалыс күндері менің Instagram аккаунтыма түскен Семей тұрғындарының шағымдарынан қалада КТ аппараттарының да істен шыққаны белгілі болды. Тексеру нәтижесінде бүгінгі таңда алты аппараттың тек 2-уі ғана жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Осы фактіні жасырудан басқа, жағдайдың шиеленісуі кезінде жауапты тұлғалар тарапынан КТ жұмыс істейтін ауруханаларда аппараттың тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылмаған. Медициналық сапа және бақылау департаменті тарапынан да ешқандай шара қабылданбаған. Семейде коронавирус жағдайының ушығуына жол берілгеніне байланысты аталмыш салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей бойынша орынбасарына, жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялау тапсырылды. Сонымен қатар, бүгіннен бастап Семейге облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан бастаған жұмыс тобын жіберемін. Олар қала жасыл аймаққа шыққанға дейін сол жерде жұмыс істейді. Сондай-ақ, әрбір өлім жағдайын тағы да егжей-тегжейлі тексеріп, істен шыққан КТ пайдалануға беруде ең шұғыл шараларды қабылдау міндеттелді. Айта кетейін, ертеңнен бастап қалада үш КТ жұмыс істейді", делінген жазбада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?