Қырғыз-тәжік шекарасында атыс қайта басталды

30 Сәуір 2021, 13:55
Сурет: news.ru

Лейлек облысында, яғни қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпараттық агенттігі хабарлауынша, атыс біраз уақыттан бері, шамамен бір сағаттан бері жалғасуда.

Баткен облысының ішкі істер басқармасы жаралылар арасында полиция қызметкерлері бар екенін атап өтті.

Лейлек аймағындағы ауылдарды Тәжікстан азаматтарының басып алуы туралы әлеуметтік желілер хабарлайды. Алайда ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растамады, бірақ оны да жоққа шығармады.
Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аймақтарының жергілікті тұрғындары арасындағы қақтығыс 29 сәуірде екі елдің әскери күштерінің қарулы қақтығысына ұласты.

Қырғыз бен тәжік шекарашылары арасындағы қақтығыстар алты сағаттан астам уақытқа созылды. Қан төгу салдарынан екі тараптан 150-ден астам жарақат алды. 20 адам қайтыс болды. 29 сәуірде кешке тараптар атысты тоқтату және шекарадан күштерді алысқа әкету туралы келісімге келген еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?