Алматы-Самарқанд жаңа әуе рейсі ашылады
2021 жылғы 8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер ашылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Рейстерді "Эйр Астана" (3,7 күндері) және "Uzbekistan Airways" (2,6 күндері) әуе компаниялары аптасына 4 рет А-320/321 әуе кемелерімен орындайды.
Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Сонымен қатар, биыл наурыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында Ақтау-Үргеніш бағытында жаңа халықаралық рейсі іске қосылды. Ол рейстерді "SCAT" және "Uzbekistan Airways" әуе компаниялары орындайды.
Жалпы қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент және Ақтау-Үргенш бағыттарында 24 тұрақты рейс орындалады.